Жалпы мектептік жаттығу

Общешкольная зарядка

Біздің мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттауға және оқушылардың дене белсенділігін арттыруға бағытталған жалпы мектептік жаттығу өткізілді. Оқушылар педагогтермен бірге жігерлі әуеннің сүйемелдеуімен дене жаттығулары кешенін орындап, сергектік пен көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

Іс-шара белсенді әрі жағымды атмосферада өтіп, барлық қатысушыларды ортақ мақсат – өз денсаулығына қамқорлық жасауға біріктірді. Жалпы мектептік жаттығу пайдалы әдеттерді қалыптастыруға, денсаулықты нығайтуға және оқушыларды белсенді өмір салтына баулуға ықпал етеді.

#АдалАзамат #өміргесалауаттықадам
#СаламаттыМектеп

Прокрутить вверх