Конституция күні құтты болсын, Қазақстан! С Днем Конституции, Казахстан!

30 тамызда біз ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеміз!


Бұл күнтізбедегі жай ғана күн емес. Бұл – тәуелсіздігіміздің тұғыры, құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың кепілі – еліміздің негізгі заңын ұлықтайтын күн.

Конституция әрқайсымыз үшін нені білдіреді?


Бұл біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың кепілі. Өмір сүру құқығы, сөз бостандығы, діни сенім бостандығы, еңбек ету және білім алу құқығы – осының бәрі және тағы басқалар Конституцияда бекітілген. Ол әрбір азаматты қорғап, ортақ құндылықтарымызды айқындайды.


Ол – мықты мемлекеттің іргетасы. Конституция елдегі тұрақтылықты, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының жұмыс істеу принциптерін белгіледі. Ол мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі халық екенін айқындайды.


Бұл бірлік пен келісімнің негізі. Ата Заңымыздың кіріспесінде: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген, төл қазақ жерінде мемлекеттілік құрып келе жатқан Қазақстан халқымыз…» делінген. Бұл сөздер көпұлтты қоғамымыздағы бірліктің, достық пен өзара сыйластықтың маңыздылығын еске салады.


Конституция – өмірлік құжат. Соңғы конституциялық реформалар Әділ Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам болды. Олар Парламенттің рөлін күшейтуге, адам құқықтарын қорғауға және қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған.


Ата Заңды білу, оны құрметтеу – әрбір азаматтың борышы екенін ұмытпайық. Өйткені, біздің ортақ болашағымыз, балаларымыздың амандығы, Отанымыздың гүлденуі негізгі заңның сақталуына байланысты.

30 августа, мы отмечаем один из самых значимых государственных праздников – День Конституции Республики Казахстан!

Это не просто дата в календаре. Это день, когда мы чествуем основной закон нашей страны – фундамент нашей независимости, гарант наших прав и свобод.

Что значит Конституция для каждого из нас?

Это гарантия наших прав и свобод. Право на жизнь, свободу слова, вероисповедания, право на труд и образование – все это и многое другое закреплено в Конституции. Она защищает каждого гражданина и определяет наши общие ценности.

Это основа сильного государства. Конституция устанавливает принципы работы всех ветвей власти, обеспечивая стабильность, законность и порядок в стране. Она определяет, что единственным источником государственной власти является народ.

Это фундамент единства и согласия. В преамбуле Конституции говорится: «Мы, народ Казахстана, объединенный общей исторической судьбой, созидая государственность на исконной казахской земле…». Эти слова напоминают нам о важности единства, дружбы и взаимного уважения в нашем многонациональном обществе.

Конституция – это живой документ. Недавние конституционные реформы стали важным шагом на пути к построению Справедливого Казахстана. Они направлены на усиление роли Парламента, защиту прав человека и дальнейшую демократизацию общества.

Давайте помнить, что знание и уважение к Конституции – это долг каждого гражданина. Ведь от соблюдения основного закона зависит наше общее будущее, благополучие наших детей и процветание нашей Родины.

Прокрутить вверх