«Әдеби толқын»: кітап әлеміне саяхат
Каникул кезінде мектеп кітапханасында оқылған кітаптарды талқылауға арналған «Әдеби толқын» атты дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге жасөспірім оқырмандар қатысып, өздері оқыған кітаптарымен, сүйікті кейіпкерлері мен қызықты оқиғалары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар оқыған шығармаларынан алған әсерлері мен эмоцияларын ортаға салды.
Әңгіме барысында әрбір қатысушы өз пікірін білдіріп, қандай кітаптың несімен қызықтырғанын, оның бойында қандай ой мен сезім тудырғанын айтып берді. Балалар бір-біріне кітап оқуға кеңес беріп, жаңа әдеби шығармалармен танысып, қызықты кітаптар туралы мағлұмат алды.
Мұндай кездесулер оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуге, өз ойын еркін жеткізуге және өзгелердің пікірін құрметтеуге үйретеді.
Дөңгелек үстел жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Өйткені кітап — білімнің қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар әлемді тануға және өзіңді жақсырақ түсінуге көмектесетін сенімді серік!
«Литературная волна»: путешествие в мир книг
В каникулярное время в школьной библиотеке состоялся круглый стол «Литературная волна», посвящённый обсуждению прочитанных книг.
Участниками встречи стали ребята подросткового возраста, которые с большим интересом делились своими читательскими открытиями, рассказывали о прочитанных произведениях, любимых героях и сюжетах, а также делились впечатлениями и эмоциями.
В ходе беседы каждый участник смог высказать своё мнение, рассказать, чем его заинтересовала та или иная книга, какие мысли и чувства она вызвала. Ребята обменивались рекомендациями, узнавали о новых литературных произведениях и открывали для себя интересные книги.
Такие встречи помогают развивать интерес к чтению, расширять кругозор, учат выражать свои мысли и уважать мнение других.
Круглый стол прошёл в тёплой, дружеской атмосфере и подарил участникам много положительных эмоций. Ведь книга — это не только источник знаний, но и верный спутник, который помогает познавать мир и лучше понимать себя!




